Сейхун-инфо.кз / ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ АЯЛДАМАЛАР

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ АЯЛДАМАЛАР


Қалада осы уақытқа дейін 136 заманауи үлгідегі аялдаманың құрылысы жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне берілді. Ал, қазіргі таңда 10 аялдаманың құрылысы басталып кетті.
Соңғы үлгідегі аялдамаларда қоғамдық көліктердің жүру кестесі, жарық шамдары және негізгі тақырыптық бағыттары ретінде тарихымыздан хабар беретін тарихи және ұлы тұлғалар бейнесі, қоғамдық-саяси маңызы бар атаулы мерейтойлар, мемлекеттік бағдарламалар, мерейтойлық күндермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, таңдамалы жинақтардың QR кодтары да заманауи үлгідегі аялдамаларда қамтылған. Артықшылығы сол – кітап оқуға ниетті адам кодты сканерлеп кітап авторының сайтына өте алады. Қоғамдық көліктердің жүру кестесі адам көп шоғырланатын аялдамаларға, яғни, Жібек жолы көшесі бойындағы, Абай көшесіндегі «Болашақ», ХҚКО, қалалық әкімшілік аялдамаларының екі жақ бетіне өз қаржысы есебінен «Стандарт» ЖШС жүргізді. Алдағы уақытта қоғамдық көліктердің жүру кестесін барлық аялдамаларға қамту жоспарланған.
18-07-2018, 22:03
Вернуться назад