Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ НАН ҚАПТАМАСЫ АРҚЫЛЫ ЖАРАНАМА ЖАСАЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ НАН ҚАПТАМАСЫ АРҚЫЛЫ ЖАРАНАМА ЖАСАЙДЫ


Бүгінде кәсіпкер жастар саны күн санап артып келеді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл – оқуын жаңа бітіріп, дипломын қолына алып, жұмыс таппай жүрген көптеген жастарға таптырмайтын мүмкіндік. Аймақта жыл сайын кәсіпкерлікке жастарды тарту мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылуда. Онда жастар өз жобаларын ұсынады.
Осындай жеңілдікті тиімді пайдаланғандардың бірі – Шыңғыс Сәдуов. Ол Қызылорда қаласының тумасы. Талапты жігіт жақында жас кәсіпкерлерге арналған байқауға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Оның ұсынған «Балғын» жобасы қазіргі кезде жүзеге асып жатыр.
Нан өнімдеріне қаптама жасауды ойға алған Шыңғыс қаладағы ірі наубайхана иелерімен кездесті. Ойын айтып, жобасын таныстырды. Кәсіпкерлердің көбі бұл бастаманы қолдады. Енді ол нан өнімдерін қаптайтын қағаз қаптама жасамақ. Нан цехта піскеннен кейін, қаптамаға салынып, дүкендерге жеткізіледі. Демек, өнім таза қалпында жетеді деген сөз. Себебі көпшілік дүкенде тұрған нанның жаңа піскеніне көз жеткізу үшін ұстап көреді. Ал бұдан адам денсаулығына зиян келері анық. Бірақ қаптама наубайханаларға тегін таратылады. Ақылы етсе, нанның бағасына әсер етуі мүмкін екенін де естен шығармапты. Бірақ жаңашыл жас одан шығын шықпасына сенімді. Өйт­к­ені, қаптаманың бір беті жарнамаға арналған. Кез-келген кәсіпкер үшін жарнаманың маңызы зор. Тауар жарнама арқылы кеңінен танылуға мүмкіндік алады. Осы жолды тиімді пайдаланған Шыңғыс кәсіп­керлердің өнімін қапта­маның бір бетіне жар­нама­лайды. Яғни, өнім жайында, мекен-жайы мен байланыс нөмірін көрсе­теді. Ал, кәсіпкер тиісті қаржысын береді. Әзірге, жігіт 5 кәсіп иесімен келісімге келген. Енді Алматы қаласынан арнайы қаптама жасайтын станокты алдырмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар оңынан шешіліп жатыр. Станок құны –1,5 млн теңге.
– Бұл жобаның тиімділігі мол. Сол себепті іске асырып жатырмыз. Наубайхана иелерімен кездескенде ойымызды бірден құптады,–деді ол.
Ізденімпаз жігіттің айтуынша, әзірге айына 50 мың нан қаптамасын шығармақ. Кейіпкер бұл шаруасының нәтижелі боларына үміт артып отыр. Ісі алға басып жатса, кәсібін кеңейтіп, өзі секіл­ді жастарды жұмыспен қам­ту ойында бар.
8-11-2018, 14:05
Вернуться назад