Сейхун-инфо.кз / ШАРУАШЫЛЫҚТАРДАҒЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАЗАРТЫЛДЫ

ШАРУАШЫЛЫҚТАРДАҒЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАЗАРТЫЛДЫ


Су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдар бойынша 2,9 мың текше метр, ішкі шаруашылық каналдары бойынша 14 мың текше метр болып белгіленіп канал тазарту жұмыстары толығымен аяқталды.
Су тоспалары мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары бойынша 4 дана ішкі шаруашылық каналдары, 10 дана су тоспалары, 19 дана гидробекеттері жөндеуден өткізілді.
Жоспарланған суарылатын 1600 гектар алқаптар мен 3500 гектар шабындық жерлерге толығымен су жіберіліп, ылғалдандырылды.
Суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру мақсатында облыстық бюджеттен 58,2 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылуда. Оның ішінде Қосшыңырау ауылдық округіне 20,0 млн. теңгеге қалпына келтіруге жататын 63 дана су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру, Қарауылтөбе ауылдық округіне 19,2 млн. теңгеге қалпына келтіруге жататын 7 дана су шаруашылығы нысандарын жерге орналастыру және құжаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, республикалық меншікке өткізілді. Сондай-ақ, Ақсуат ауылдық округіне 13,0 млн. теңгеге қалпына келтіруге жататын 14 дана су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру және жерге орналастыру жұмыстары толығымен аяқталып, республикалық меншікке өткізуде, Ақжарма ауылдық округіне 6,0 млн. теңгеге қалпына келтіруге жататын 18 дана су шаруашылығы нысандары құжаттандырылды.
13-12-2018, 22:34
Вернуться назад