Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БІЛІМ БЕРУІНДЕ ОҢ ІСТЕР БАР

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БІЛІМ БЕРУІНДЕ ОҢ ІСТЕР БАР


Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты 54 жалпы білім беретін мектеп және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды.
Олардың ішінде 11 мектеп-лицей (№3, 5, 7, 10, 11, 15, 23, 101, 136, 264, 268), 3 мектеп-гимназия (№1, 9, 212),
1 «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектебі (№2) бар.
Бөлімге қарасты 5 мектептен тыс мекемелерде 2593 бала түрлі үйірмелермен қамтылған. (қалалық қосымша білім беру орталығы, Тасбөгет кентіндегі оқушылармен жасөспірімдер үйі, «Өнер» мектебі және №264,267 мектептер жанындағы қосымша білім беру орталықтары).
2017-2018 оқу жылында қала мектептерінде 55002 оқушы білім алуда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3474 оқушыға артып отыр.
Орта білім беру ұйымдарында жалпы 6137 мұғалім дәріс беруде. Олардың 5669 жоғары білімді және 468 арнаулы орта білімді мұғалімдер. Педагогтардың 1160 жоғары санатты, 1749 І санатты, 1590 ІІ санатты мамандар.
Қалалық білім бөліміне қарасты 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 26 мемлекеттік балабақша (4591 бала), 206 жеке балабақша (14990 бала), 6 мектепке дейінгі шағын орталық (120 бала) жұмыс жасайды, барлығы 19 701 бала қамтылып, 3-6 жас аралығындағы баланың қамтылуы 100,0 пайызды құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес №5 «Шаттық» балабақшасында көзі нашар көретін және №50 «Жұлдыз» балабақшасында тіл мүкістігі бар балалар үшін арнайы 1 топта 12 баладан тәрбиеленуде. «Сыр жұлдызы» балабақшасынан құлағы нашар еститін балалар үшін 1 топта 10 балаға арналған арнайы топ жұмыс жасайды. Сондай-ақ «Шағбан» жеке меншік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемеде 100 бала тәрбиеленуде.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласына қарасты мектептерде 2017-2018 оқу жылында 451 мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық медициналық педагогикалық консультациялардың (ПМПК) қорытындысы негізінде үйден оқытылуда.
Жалпы білім беретін 54 мектепте аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 5890 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген 590,6 млн. теңгеге 2017-2018 оқу жылында барлық білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары сатып алынды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 117,2 млн. теңгеге физика, химия, биология кабинеттері жабдықталды.
15-12-2018, 15:54
Вернуться назад