Сейхун-инфо.кз / МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ


Қызылорда қаласы ішкі саясат бөлімі тарапынан көптеген жұмыстар атқарылды.
Қызылорда қаласында 11 ұлттық-мәдени орталық, 25 діни бірлестік, 9 саяси партияның филиалдары жұмыс жасайды және 596 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 44-і жастар ұйымдары.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруы бойынша 8 127 мың теңге бөлініп, 6 жоба жүзеге асырылуда.
Жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау, жастар арасындағы ахуалға мониторинг жүргізу және талдауды жүзеге асыру мақсатында Жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды.
Мемлекеттік жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыруға қалалық бюджеттен 14 421 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржыға 8 әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 15 жобаға қалалық бюджеттен 69 610 мың теңге қаралып, 2 телеарна, 6 газет, 3 интернет сайттарымен жұмыс жасау жоспарланып, жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс аясында облыстық және жергілікті теле арналарға 206 сюжет, баспа беттеріне қала туралы оң имиджді 253 мақала жарық көрді. Республикалық «Nur.kz», «Tengri.news» сайттарына 6 материал жарық көрді.
30 наурыз күні қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Болашақ» медициналық колледжінде «Деструктивті діни ағымдардан сақтанайық!» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.
Наурыз-сәуір айларында қаладағы жалпы білім беретін мектептерді бітіруші түлектермен қоғамда сұраныс туып отырған мамандықтарды таңдау бойынша кездесулер өткізілді. Кездесуга «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша арнайы сала мамандары мен қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі шығармашыл жастар арасында жайдарман сайыстары болып өтті. Әр елді мекеннен үздік деп танылған командалар арнайы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жоспарланған Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұймдастырылған «Қала әкімінің кубогы» жайдарман фестиваліне қатысатын болады.
27 шілде күні «Баспасөз және ақпарат саласы қызметкерлері» күні мерекесіне арналған қала әкімдігінің «Ұшқыр қалам-2018» фестивалі өткізілді.

15-12-2018, 16:00
Вернуться назад