Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕКЕЙ БАТЫРҒА КӨШЕ БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕКЕЙ БАТЫРҒА КӨШЕ БЕРІЛДІ


Бүгін Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне Текей батырдың аты берілді.
Текей Қарпықұлы 1667 жыл шамасында дүниеге келген. Әз-Тәукенің сенімді сардары болған, жауына найзасын тіреп талай шайқасқа қатысып халық батыры атанған. Былтыр батырдың 350 жылдығы ел көлемінде аталып өтті. Бүгінгі шара соның жалғасы. Текей батыр көшесі Сырдария өзені жағасындағы Тәуелсіздік даңғылынан басталып "Арай" мөлтек ауданы арқылы қаланың орталық көшелерімен қосылады.
Мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан игі шараға қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қатысты.
26-12-2018, 14:16
Вернуться назад