Сейхун-инфо.кз / Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Синоптиктер 2019 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Ауа райын демалыс күндері анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп Алтайға қарай ығысып жатыр. Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжуда, соған байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарында екпінді батыс желі мен бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы 0 градус, оңтүстікте плюс 5-12 градус күтіледі, бұл орташа климаттық нормадан жоғары. Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
9-12-2019, 21:28
Вернуться назад