Сейхун-инфо.кз / Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады


«Қазгидромет» РМК 11-13 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
«Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен келетін жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен Қазақстанның басым өңірінде тұман, көктайғақ, бұлтты және жауын-шашынды күн райы сақталады. Бұл ретте, ауа температурасы әлі де көпжылғы орташа көрсеткіштен жоғары болатыны болжанады. Тек республиканың оңтүстігінде ауа температурасының қысқа мерзімге төмендеуі күтіледі», - делінген синоптиктердің мәліметінде.
11-01-2020, 16:11
Вернуться назад