Сейхун-инфо.кз / Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуі 19 ақпанда өтеді

Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуі 19 ақпанда өтеді


Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу органдары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес,облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың 2020 жылғы 19 ақпан күні сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 14 және 18 ақпан күндері сағат 10.00-18.00 аралығында жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізіледі.
Азаматтарды қабылдау облыс әкімдігі ғимаратының 1-қабатында өткізіледі.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі, № 1.
Байланыс телефондары: +7 7242-40-11-91 (ішкі 7030, 7049).
10-02-2020, 12:19
Вернуться назад