Сейхун-инфо.кз / Ауған соғысы ардагерлері құрметіне арналған сайыс басталды

Ауған соғысы ардагерлері құрметіне арналған сайыс басталды


Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне армиялық қоян-қолтық ұрысынан күштік құрылымдар және құқық қорғау органдары арасында Қызылорда гарнизоны бастығының кубогына арналған сайыс басталды.
Оған Жамбыл, Түркістан облыстарының әскери бөлімдері мен жергілікті құқық қорғау органдары және күштік құрылым өкілдері қатысуда. Әскерилер арасындағы бәсекеде 11 команда бақ сынауда. Жауынгерлер 55, 60, 65, 70, 75, 80 және 80 келіден жоғары салмақта күш сынасуда. Финал кешкі сағат 18.00 де болмақ.
Бұған дейін ұйымдастырылған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай "Ауған. Сөнген шоқ, өшкен арман..." атты жауынгерлерді еске алу арналған митингіге облыс әкімі Қ.Ысқақов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметшілер мен "Жас сарбаздар" қоғамдық ұйымының мүшелері қатысты.
15-02-2020, 14:22
Вернуться назад