Сейхун-инфо.кз / «Аралтұз» өнім көлемін арттырып келеді

«Аралтұз» өнім көлемін арттырып келеді

Сыр өңірінде «Аралтұз» акционерлік қоғамының алатын орны ерекше. Кәсіпкерлік саласында алдыңғы қатарда көрініп келе жатқан кәсіпорын жылдан-жылға өнім өндіру деңгейін арттырып келеді.
2019 жылы «Арал тұз» акционерлік қоғамы тұз өндіру көлемін 25 пайызға ұлғайтты. Ол жылына 400-ден 500 мың тоннаға дейін жетті. Биыл тағы 10 пайызға арттыруды және 2022 жылға қарай өндіру көлемін 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қуаттылығы 120 мың тонна болатын ас тұзын өндіретін үшін­ші испандық цехтың құрылысына кірісуде.
«Аралтұз» компаниясының жақын жылдарға негізгі стратегиялық мақсаты – өзінің ас тұзы нарығындағы лидерлік позициясын сақтап қалу. Компания бәсекелестік орта әлсіз немесе толығымен жоқ, тұз нарығындағы немесе оған жақын жаңа сегметтер мен секторды меңгеріп алуға тырысады.
Естеріңзге сала кетелік, кәсіпорын 1913 жылы Арал тұзды көлдерінің алғашқы зерттеулері Арал өндірістік кешенінің негізін қалады. 1994 жылы «Аралтұз» АҚ құрылды. 2002 жылы «Аралтұз» АҚ-да өндірісті тоқтатусыз тұзды екінші рет байыту технологиясы ойдағыдай енгізілді. Бұл шығарылып жатқан өнімнің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
3-03-2020, 17:54
Вернуться назад