Сейхун-инфо.кз / Шетелде қалып қойған қазақстандықтар өз ақшасына оралады - ІІМ

Шетелде қалып қойған қазақстандықтар өз ақшасына оралады - ІІМ

Биліктегілер қазақстандық туристерді мемлекет қаражаты есебінен елге жеткізу мәселесін қарастырмайды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ. Шетелге кеткен туристердің көбінде демалуға ақшасы болды. Үкімет те алдын ала ақшаны қайтару мәселесі туралы ескерткен еді", - деді Ильин ТЖК-да өткен брифингте.
Соңғы ресми деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 68 науқас тіркелді.

25-03-2020, 19:37
Вернуться назад