Сейхун-инфо.кз / Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы келді.
Қ. Сәрсенбаев 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария су жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған. 1999-2012 жылдары Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2017 жылдары - Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі болды. Ал 2017 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


26-03-2020, 14:07
Вернуться назад