Сейхун-инфо.кз / NASA Жерге жақындап келе жатқан астероидтың көзін жоймақ

NASA Жерге жақындап келе жатқан астероидтың көзін жоймақ

АҚШ-тың аэронавтика және ғарыш зерттеудің ұлттық агенттігі (NASA) 2021 жылдың жазында Жерге жақындап келе жатқан астероидты жоюға арналған арнайы миссия дайындап жатыр, - деп хабарлайды Science Alert. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды.
Ведомство мәліметінше, DART миссиясы аспан денесі жерге қауіп төндірмейді, бірақ ол жаттығу шабуылдары үшін жақсы нысана болуы мүмкін.
Астероидты жоюға арналған Didymos деп аталатын құрылғы шағын бинарлы астероидты жүйеге бағытталатын болады. Жүйе Didymos A астероидынан - диаметрі 780 метр және Didymos B (160 метр( шағын астероидтан тұрады.
Dart Didymos B-мен соқтығысады, себебі ол ғалымдардың болжамы бойынша, болашақта Жерге қауіп төндіруі мүмкін астероидтың типтік мөлшеріне жақын.
"DART 2021 жылдың 22 қыркүйегінде бинарлық астероид Жерден 11 миллион шақырым қашықтықта болған кезде өз мақсатына жетеді. Ал оған жету үшін ол эволюциялық ксенонды үдеткіш ретінде белгілі қуатты ионды қозғалтқышты пайдаланатын болады", - деп хабарлады ғарыш агенттігі.
30-03-2020, 21:40
Вернуться назад