Сейхун-инфо.кз / Бизнесті қолдау бағдарламасының игілігін көрді

Бизнесті қолдау бағдарламасының игілігін көрді


Қазалы ауданында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа жобалар қолға алынып отыр.
Бағдарламаны іске асыру үшін құны 145,5 млн теңгені құрайтын 6 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржы алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды. Бұл аз десеңіз, бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 5 жобаға «Даму» қоры 45,9 млн теңгеге кепілдік берді.
Осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «РЗА» АҚ-ның «Ірі қара мал өсіру кешенін 1200 басқа және сүт өңдеу зауытын кеңейту, ІІ кезеңінің», электрмен жабдықтау жобасына республикалық бюджеттен 158,4 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ «Сумен жабдықтауды» іске асыру үшін жоба-смета құжатын әзірлеуге облыстық бюджеттен 70,7 млн теңге қаржы бөлінді. Бұған қоса қаржыландырылуға ұсынылған екінші жоба – «Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету» жобасына 148,9 млн теңге қарастырылды. Ал қазіргі кезде қаржы ұйымдарында 481,0 млн теңгені құрайтын 7 жоба талқылануда.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің берген ақпарына сенсек соңғы төрт айда 40 адам 200 айлық есептік көрсеткіш (530 200 теңге) көлеміндегі грантқа ие болды.
21-05-2020, 11:10
Вернуться назад