» » ШОУ-БИЗНЕСТЕГІ СЫЛҚЫМДАР ҚАНША ТҰРАДЫ?

ШОУ-БИЗНЕСТЕГІ СЫЛҚЫМДАР ҚАНША ТҰРАДЫ?

Айдар: Көп талқыланған

ШОУ-БИЗНЕСТЕГІ СЫЛҚЫМДАР ҚАНША ТҰРАДЫ?

 

Қыздың жолы – жіңішке. Ал шоу-бизнестегі қыздардың жолы тіптен ауыр. Оларға кез келгеннің көзі түседі, қысқасы олар үнемі ел назарында. КТК арнасының "Инсталайық” бағдарламасы шоу-бизнестегі қыздардың бағасы қанша екенін анықтап көрді, деп жазады juldizdar.kz
Тәнін көрсеткен қыздар үшін қалталы ағалар жанын беруге даяр деген қауесет бар. Қаншалықты рас?
Бұл сұрақ бастапқыда шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі – Салтанат Бақаеваға қойылды. Бірақ ол бұрын-соңды өзінің тәжірибесінде ондай жағдайлар кезікпегенін айтты.
"Арнау тобында келе жатқаныма 6 жыл болды. Бәлкім менің қасымда Нұржан жұмыс істегендіктен бе, ешқашан ондай ұсыныстар түсіп көрмегендіктен, өз көзіммен көріп білмегендіктен бар деп те айта алмаймын”, – деді ол.
"Бірақ, естідім, әрине, мен де ондайды естідім. Ақша, бәрнәрсе беріп деген сияқты. Ондай дүниені мен бөліп жарып айта алмаймын. Көзімше ешкімді сатпаған да, мен сатпағам”, – деп ағынан жарылды актриса.
Ауқатты отбасында өскендіктен болар, Сиви мұндай жайттарды мүлдем түсінбейтінін жеткізді.
"Қалай қыз баланы сатады? Енді дардай үлкен кісілерге ұят емес пе?”, – деді Сиви Махмуди.
Естеріңізге салсақ, КТК арнасының "Инсталайық” бағдарламасын әр сенбі сайын сағат 17:00-де көруге болады.