» » РОЗА РЫМБАЕВА БАРЛЫҚ ТУЫСЫНА АЛМАТЫДАН ПӘТЕР АЛЫП БЕРГЕН

РОЗА РЫМБАЕВА БАРЛЫҚ ТУЫСЫНА АЛМАТЫДАН ПӘТЕР АЛЫП БЕРГЕН

Айдар: Көп талқыланған

РОЗА РЫМБАЕВА БАРЛЫҚ ТУЫСЫНА АЛМАТЫДАН ПӘТЕР АЛЫП БЕРГЕН

 

Әли Оқапов «Время» газетінің тілшісі Оксана Василенкоға берген сұхбатында өз отбасы жайында айтып берді, – деп хабарлайды stan.kz.
Оның айтуынша, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева демалыссыз жұмыс істейді әрі барлық жақындарына көмектеседі екен.
«Анам сегіз отбасыны Алматыға көшіріп әкеп, баспана мен көлік алып берді. Жұмысқа орналастырып, оқуға түсірді, үйлендірді. Ол тек туыстарына ғана емес, көмек сұраған таныстарына да қол ұшын береді», – дейді Әли анасының мейірімділігі жайында.
Әли шығармашылығы үшін ақшаның жетпейтінін айтады.
«Республика сарайында жеке концерт өткізуге қаражат жетпейді. Ақшам болса, бірнеше бейнебаян түсіріп, альбомдар шығарып, ел аралап гастрольдік сапарда жүретін едім», – дейді Әли.
Оқаповты інісінің тағдыры да алаңдатады. Ол қажетті мамандық алса екен дейді.
«Мәди 16 жаста. Ол сахнаға шыққысы келеді. Бірдеңе дәлелдегісі келіп, талпынып жүр. Бірақ мен оның тіл маманы болуын немесе халықаралық қатынас мамандығын алғанын болмаса заңгер болғанын қалаймын. Оның тағдырына алаңдаймын. Далада қалмаса екен, жағдайы жақсы болса екен деймін. Анам сахнада өмір бойы жүріп, оны өмір бойы асырай алмайды. Менің де жағдайым өзгелер ойлағандай керемет емес», – дейді Әли Оқапов.
Әнші өзін өзі қамтамасыз ететінін, алайда жайбарақат жүретінде жағдайда еместігін, тіпті демалысқа кетуге де қалтасы көтермейтінін айтады.