» » АЙТЫСКЕР АҚЫН АЙБЕК ҚАЛИЕВ ДЕПУТАТ АТАНДЫ

АЙТЫСКЕР АҚЫН АЙБЕК ҚАЛИЕВ ДЕПУТАТ АТАНДЫ

Айдар: Көп талқыланған

АЙТЫСКЕР АҚЫН АЙБЕК ҚАЛИЕВ ДЕПУТАТ АТАНДЫ

 

От ауызды, орақ  тілді айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалық қаласының мәслихат депутаты атанды.  Бұл туралы ҚазАқпарат-қа ақынның өзі хабарлады.
Айта кетейік,  1992 жылдан бастап айтыс өнеріне келген Айбек Киікбайұлы халықаралық, республикалық айтыстардың  бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.
Ақын айтыстарында қоғамның күрделі мәселелерін сөз етіп, терең, ойлы өлеңдерімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Айтыстағы еңбегі ескеріліп, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Бүгінгі таңда айтысқа баулып жүрген шәкірттері де республика жұртшылығына танылып қалды.