» » ӘЛИДІҢ ЖҮРЕГІН ЖАРАЛАҒАН КІМ?

ӘЛИДІҢ ЖҮРЕГІН ЖАРАЛАҒАН КІМ?

Айдар: Көп талқыланған

ӘЛИДІҢ ЖҮРЕГІН ЖАРАЛАҒАН КІМ?

 

Әнші жеке өмірі жайлы айтып берді, деп жазады
gakku.kz.
Тамыз айының соңында Әли Оқапов студияда еңбектеніп, жаңа әндер жазып жатқанын айтқан едік. Әнші оларды енді ел назарына ұсынбақ.
Әли Оқапов, жүрегі жаралы әнші: "Ең соңғы жаңалықтарымның бірі ол менің екі судай жаңа әндерім. Біріншісін мен жақын арада ғана «Гәкку Дауысы» фестивалінде алғаш рет халықтың назарына ұсындым деп айтуға болады. «Бәрібір»,-деп аталады. Әнін жазған мен. Сөзін жазған Мархаба Сәби".
Әннің мәтінін Әли арнайы тапсырыспен жаздырған секілді. Себебі, туынды жүректен шыққан.
"Өте қызықты тақырыпқа жазылған. Және де шынайы өмірден алынған бір оқиға, кезең. Және де арналатын адамы да бар",- дейді Али.
Әнде ол өзінің аруға деген көзқарасын білдіреді.
Али Окапов: "Жақын арада болған оқиға. Бірақ, демек, дәл қазіргі кезде маған бәрібір болып кетті деген сөз".
Соған қарағанда ару 25 жасар жігіттің жүрегін жаралаған секілді. Тіпті ренжіп те қалыпты.
"Әрине, иә, көңілім қалды",- деп мұңайды Али.
Ол арудың есімін сұрағанымызда...
Али Окапов: "Сол әнді тыңдағандарға енді алтын сырға деп айтуға болады. Мүмкін олар табатын шығар. Сөзінің арасынан кім екендігін".
Деп құпия күйінде қалдырды. Жуырда аталмыш ән жарық көреді. Сол кезде біле жатармыз. Айтпақшы, алдағы уақытта дәл осы туындыға бейнебаян да түсірмек. Ал, бүгіннен бастап «Жеңімпаз» әні gakku.kz сайтында жарық көрді. 
Бұл әнге де алдағы уақытта демеушілер табылып жатса бейнеклип түсіретін ойы да жоқ емес. Оларға тіпті Әли арнайы сәлемдеме жолдады.
"Қымбатты, құрметті спортшыларымыз. Қымбатты спорттық ұжымдарымыз егер сіздер бізді қолдасаңыздар, біз сіздерге арнайы ән жаздық. «Жеңімпаз»,-деп аталады.Барлығымызда бірге бейнебаян түсіруге біз дайынбыз",- деп шақырды жас әнші.
Қолдау көрсеткіңіз келсе, Әлидің өзіне хабарлассаңыздар болады.