» » МЕРУЕРТ ТҮСІПБАЕВА САПАСЫЗ БҰЙЫМЫН 100 МЫҢҒА САТҚАН АИДА КАУМЕНОВАНЫ СӨГІП ТАСТАДЫ (ФОТО)

МЕРУЕРТ ТҮСІПБАЕВА САПАСЫЗ БҰЙЫМЫН 100 МЫҢҒА САТҚАН АИДА КАУМЕНОВАНЫ СӨГІП ТАСТАДЫ (ФОТО)

Айдар: Көп оқылған

МЕРУЕРТ ТҮСІПБАЕВА САПАСЫЗ БҰЙЫМЫН 100 МЫҢҒА САТҚАН АИДА КАУМЕНОВАНЫ СӨГІП ТАСТАДЫ (ФОТО)

 

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева отандық дизайнер Аида Кауменованың бағалы бұйымдарын сапасыз деп айыптап, оны сотқа беретінін айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, Аида Кауменовадан 97 мыңға сатып алған алқа уақыт өте келе желімінен ажырап, мүлдем жарамсыз болып қалған. Сондықтан, Аида Кауменованы әнші сотқа беріп, ақшасын өндіріп алмақ. Меруерттің айтуынша, бұл постты желіге салғаны сол-ақ екен, желі қолданушыларынан Аида Кауменоваға деген шағымдар оған жекеге көптеп түсе бастаған. Дәл осы себептен, Меруерт мұны жай қалдыруға болмайды деген пікірде.
"Қазақстанда жасалған тауарлардың сапасын тексеретін экспертиза бар. Мен Аида Кауменованы сотқа берем. Қытай маталары, қалай болса солай тігілген қытай сырғалары. Ақшаны қайтарсын. Ең дұрыс шешімі – сот. Мағана жекеге 8 әйел хабарласып отыр. Уайымдамаңдар! Баға сараптамасы бар”, – деп жазды ол.
Оның айтуынша, Қытай елінен қажетті маталар мен бұйымдарды арзанға әкеліп, Қазақстанда оның бәрін удай қымбат ақшаға сататын Аида Кауменованың ісі арсыздық.
"Осы мiне, 97 мың, қытайдың сырғасынан тiгiп, бiр сваровский жоқ емге…. стеклярусы, 2 рет кидім, құлап жатыр…”, – дейді наразы болған әнші.
Мұны оқыған желі қолданушылары да қарап қалмады.
"Тігісіне қарасаң ауылдағы əжелердің қапшықтың жиегін көктегендей. Брендіміз осындай болса шынында да ұят екен…”. "Мұндай бағамен және сапамен отандық өнімді қолдағың келмейді”, ” Менің де алған көйлегімнің жағдайы осындай болды”, – деді олар.