» » МЕРУЕРТ ТҮСІПБАЕВАНЫ ҚОРҚЫТЫП ЖҮРГЕН КІМ?

МЕРУЕРТ ТҮСІПБАЕВАНЫ ҚОРҚЫТЫП ЖҮРГЕН КІМ?

Айдар: Көп оқылған

 

Қазақстандық продюсерлердің бірі Меруерт Түсіпбаеваны ашықтан-ашық қорқытқан. Ол әншінің телеарналарға жолын бөгеп тастайтынын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Түсіпбаеваның өзі желідегі парақшасында жазды.
«Жемқорлық барлық жерде… Жөні түзу көрінетін әйел-продюсер бүгін маған ашық түрде: «Сіздің ТВ-ға шығатын барлық жолыңызды жауып тастаймын», – деді. Таңқалдырды десем аздық етер, ол мені есеңгіретті.. Біз – қазақпыз», – деді ол.
Алайда Түсіпбаева өзін қорқытқан продюсердің атын атамауды жөн көріпті. Есесіне желі қолданушылары түрлі болжамдар жасап, әншіге қорықпауға кеңес берді.