» » АДВОКАТТАР СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА, МАЙЯ МАНЕЗА МЕН ЗУЛЬФИЯ ЧИНШАНЛОНЫҢ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУ МЕРЗІМІН ЖҰМСАРТУҒА ҮМІТТІ

АДВОКАТТАР СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА, МАЙЯ МАНЕЗА МЕН ЗУЛЬФИЯ ЧИНШАНЛОНЫҢ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУ МЕРЗІМІН ЖҰМСАРТУҒА ҮМІТТІ

Айдар: Көп оқылған

АДВОКАТТАР СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА, МАЙЯ МАНЕЗА МЕН ЗУЛЬФИЯ ЧИНШАНЛОНЫҢ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУ МЕРЗІМІН ЖҰМСАРТУҒА ҮМІТТІ

 

Ауыр атлетика федерациясы допинг қолданды деп айыпталған, 2012 жылғы Олмипиада медальдарынан айырылған қазақстандық ауыр атлеттердің құқықтарын қорғауды жалғастыруда, деп жазады baistars.kz.
«Халықаралық Олимпиада комитеті допинг сынамада тыйым салынған заттар табылған 2012 жылғы Олимпиада чемпиондары - қазақстандық ауыр атлеттерге қатысты қолданылған санкция туралы ресми шешім шығарды.
ХОК тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес ХОК Лондонда жазғы Олимпиадалық ойындарда жарысқа қатысқан Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанлоның көрсеткен нәтижелерін жоққа шығарды. Медаль мен дипломдарды қайтарып алды», - делінген ААФ хабарламасында.
ҚР Ауыр атлетика федерациясының бастамасымен құрылған зертханалық талдаулар саласындағы адвокаттар мен мамандар тобы бұдан бұрын қазақстандық спортшылардың талдау нәтижелерін бірнеше ай бойы егжей-тегжейлі зерделеді. «Алайда мамандар допинг сынаманы қайта тексеру үрдісінде олқылық таба алмады, соның салдарынан қазақстандық ауыр атлеттердің олимпиадалық жүлделерін қорғап қалу мүмкін болмады.
Адвокаттар тобы атлеттердің әлемдік және құрлықтық біріншіліктерде иеленген медальдары мен атақтарына қатысты мүдделерін қорғауды жалғастырады, сондай-ақ спортшыларды жарысқа қатысу құқығынан айыру мерзімін жұмсарту үшін шаралар қабылдайды», - деп атап өтті федерациядан. Еске салсақ, көрсетілген мәселелер ХААФ құзыретіне кіреді.