» » ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІМЕН ХЭЛЛОУИН МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАҒАНДАРДЫҢ СУРЕТІ ЖЕЛІДЕ ШУ ШЫҒАРДЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІМЕН ХЭЛЛОУИН МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАҒАНДАРДЫҢ СУРЕТІ ЖЕЛІДЕ ШУ ШЫҒАРДЫ

Айдар: Көп оқылған

 

Қазақтың ұлттық киімімен Хэллоуин мерекесін тойлағандардың суреті желіде шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары ұлттық костюм киіп, кельттердің ежелгі әулиелер күні мерекесінің құрметіне орай боянған қыз бен жігіттің суретіне түрлі баға беріп жатыр.
Ал кейін суретте қазақстандық стилист Рафаэль Ромен екені анықталды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында суретке қатысты пікір білдіре отырып, қазақтың ертегілеріндегі зұлым кейіпкерлердің образын пайдаланғанын, осылайша қазақ және батыс мәдениетін осылайша біріктіргісі келгенін айтып берді.
"Ұлттық костюмді осылай интерпретациялауға болмай ма екен? Бар әлемде адамдар самурай, гейша, шотланд белдемшелерін киеді, Аленушка сияқты шашын өсіреді, Апачи үндістері қаншама, Марий Антуанеттер ше? Бұлар да түрлі халықтардың ұлттық киімдері! Солар біреудің көңіліне тиіп пе? (...) Мұрамызбен қызықты образдар жасауға болатынын көрсетіп бердік. Масқаралау немесе біреудің шамына тию туралы ойымыз болған жоқ", - деді Ромен.