» » КӘМШАТ ЖОЛДЫБАЕВАҒА ТЕЗІРЕК КӨМЕК КЕРЕК

КӘМШАТ ЖОЛДЫБАЕВАҒА ТЕЗІРЕК КӨМЕК КЕРЕК

Айдар: Көп оқылған

КӘМШАТ ЖОЛДЫБАЕВАҒА ТЕЗІРЕК КӨМЕК КЕРЕК

 

Кәмшат Жолдыбаева желіде оқырмандарынан көмек сұрауда,деп хабарлайды stan.kz сайты.
Видео бойынша, концертке дайындалып жатқан Жолдыбаева уақытты бос өткізбей желідегі оқырмандарына жұмбақ жасырды. Жұмбақтың жауабын таба алмаған Жолдыбаева ұйықтаудан қалғанын айтты.
«Кеше маған ағам айтып берген. Осы жұмбақ үшін мен қасымдағы құрбыммен шай іше алмай қалдым. «Қыз бен жігіт келе жатады, оларды полиция қызметкері тоқтатады. Құжаттарын тексеріп болған соң, жігіттен сұрайды: «Бұл қыз саған кім болып келеді?» деп. Сонда жігіттің жауабы: «Бұл қыздың енесі менің енеме мама болып келеді», – деді Кәмшат.
Желі қолданушыларының ой сан-саққа жүгірді. Олардың ұсынған жауап нұсқалары мынадай: «Атасы мен келіні», «Нағашы жездесі мен жиен келін», «Әкесі мен қызы», «Жай жігіт пен қыз», «Әйелі мен күйеуі». Ал сіз не дейсіз?