» » ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖҰБАЙЫН ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖҰБАЙЫН ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Айдар: Көп оқылған

ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖҰБАЙЫН ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Қазақстандық спортшы Илья Ильин жұбайы Наталья Кулакованы гандболдан өткен Азия чемпиондар лигасындағы жеңісімен құттықтады, деп жазады stan.kz.
Зілтемірші ыстық ықыласын Инстаграмм желісінде жеткізді.
«Қызылорданың «Қайсар» әйелдер клубын гандболдан өткен Азия чемпиондар лигасындағы жеңісімен құттықтаймын! Сондай-ақ сүйікті жұбайымды да құттықтаймын! Жарайсыңдар!» деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Илья Ильиннің жары Наталья Кулакова да спорттан құралақан емес, ол гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсетіп жүр. Илья мен Наталья 2012 жылдың қыркүйек айында заңды некеге тұрған. Екеуінің Милана есімді қыздары бар.