» » АРҚАН ТАРТҚЫШ БАЛАНЫҢ АТЫ АЙБАТЫР ЕКЕН

АРҚАН ТАРТҚЫШ БАЛАНЫҢ АТЫ АЙБАТЫР ЕКЕН

Айдар: Көп оқылған

 

Арқан тарту кезінде қайсарлық танытқанын көрсететін видеосы Eurosport-қа жарияланып, жұртты сүйсінткен бала Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында тұратын Айбатыр Мырзабеков деген 12 жасар оқушы екен. Ал сол кезде олар ақтөбелік командамен сайысқа түсіпті. Жарыс Петропавлда өткен.
Айбатырды Tengrinews.kz тілшілері іздеп тапқан.
«Мен жеңілу дегенді білмеймін. Біз бар күшімізді салдық. Барынша тырысып бақтым. Екі команда теңбе-тең болдық» дейді қайсар бала.
Айбатыр мектептегі арқан тартудан өзге де секцияларға (баскетбол, футбол, күрес) барып жүр. Оның үш бауыры бар екен. Бәрі де спортпен айналысады.

 АРҚАН ТАРТҚЫШ БАЛАНЫҢ АТЫ АЙБАТЫР ЕКЕН

Қазақстандағы балалардың "Мен чемпионмын" спорттық ойынынан үзінді Eurosport-та жарияланғанын бұрынырақ хабарлағанбыз. Ал Youtube-ке бұл бейнероликті "Оралдық бала арқан тартуда" деген атпен аталған жобаның авторлары салған.
Осы сайыста қазақтың бір қара баласы ерекше көзге түскен. Ең артында (әр командада бес ойыншы) арқан тартып тұрған ол, қарсы жақтың басым түсіп жатқанына қарамастан, намысқа тырысып, жеңіліс сызығынан өтіп кетпеуге барынша талпынады. Оның бұл әрекеті жұртты сүйсінтіп, тіпті көзіне жас алғандар да болды.
Бірақ дәл ұлдар арасындағы осы тартыс біз ойлағандай нәтижемен аяқталмапты. Келесі кезеңге, яғни ширек финалға ақтөбелік «Ақберен» командасы өткен. Негізі, төрешілердің ойынша, шын мәнінде солар басымдық танытқан. Тек олар Айбатырдың қайсарлығын ескеріп, екі топқа да үш ұпайдан беріпті. Бірақ тең ойын батысқазақстандық «Жайық» командасына пайда бермеді.