» » АКТРИСА ДЖУРИНСКАЯ БИІК КӨПІРДЕН ҚҰЛАДЫ (ВИДЕО)

АКТРИСА ДЖУРИНСКАЯ БИІК КӨПІРДЕН ҚҰЛАДЫ (ВИДЕО)

Айдар: Көп оқылған

 

Танымал актриса Жәния Джуринская көпірден секіріп кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол өзінің желідегі парақшасына видео жүктеп, онда ол көпірден секіріп кетті. Актрисаның айтуынша, осылайша ол ерлік жасаған, негізінде, ол көпірден секірмек түгілі велосипед те айдауға да қорқады екен.
Бірақ, осы жолы ол барлық ерік-жігерін жинап алып, биік көпірден бірақ секіріп кетіп, "аман" қалды. Себебі, ол қауіпсіздік белдіктерін тағынып барып секірген.
Негізінде, мұндай экстремалды спорт түрі роупджампинг деп аталады. Оның түр-түрі болады. Дегенмен, батыл жүректі қажет ететін бұл спорт түрімен айналысу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Актриса, өзін қанша жерден қорқақ деп атағанмен, қолданушылар оның "жүрегінде түгі бар" қыз екенін мойындады.
Естеріңізге салсақ,  актриса Жәния Джуринская украиналық "Құтқарушылар" деп аталатын телехикаяға түсіріп жатыр. Ол бұл рөлде жағажайдағы құтқарушының рөлін сомдайды. Бірақ, Жәния өмірде суда жүзуге қорқатынын өзі мойындаған.
Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.