Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қожанасыр тірі екен...

Қожанасыр тірі екен...Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жерлесіміз, белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағанбетовтің "Қожанасыр тірі екен" атты екі бөлімді музыкалық комедиясын жұртшылыққа ұсынды. 
Қожанәсір жалпы Шығыс, оның ішінде түркі халықтарына ортақ фольклорлық кейіпкер. Ал, спектакльде арамызда жүрген Қожанәсірді сатып пайда таппақ, сенсация жасамақ болған коммерсанттар… Ортақ бабалары Қожанәсірді өз еліне алып кету үшін келген түркі халықтары өкілдерінің өзара дау-дамайы, пікірталасы… Қожанәсір түскен ситуациялар – пьеса мен спектакль алға тартатын түп идеяны ашуға бастайды: тарих көшіне ілесе алмай, тілін, дінін жоғалтқан, ділінен айырылған халықтар жер бетінде аз емес. ХХІ ғасыр – жаһандану ғасырына түркі халықтары қалай жетті, болмысы қалай өзгерді? Бұл жолда ол нені тапты, неден ұтылды және бүгінгі түркі әлемінің бет-бейнесі қандай? Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: