» » Театр ғимаратының шатыры өртенді

Театр ғимаратының шатыры өртенді

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар
Театр ғимаратының шатыры өртендіКешегі бейсенбі күні Шымкенттегі «Нұрсәт» мөлтекауданынан салынып жатқан облыстық қазақ драма театры ғимаратының шатыры өртенді. Бұл жайында Замана газеті хабарлады
Алдын-ала жасалған болжам бойынша өрт құрылысшылардың техника қауіпсіздігін сақтамауы салдарынан орын алған. Яғни ол дәнекерлеу жұмыстарының барысында болған.
«Өрттің шыққандығы туралы хабар бізге 11.55-те келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 17 өрт сөндіру техникасы мен 38 адам жұмылдырылды, – дейді облыстық төтенше жағдайлар депар­таментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Темірбаев.
– Сол маңда болған адамдар мен құрылысшылар қауіпсіз жерге жөнелтіліп, 43 минуттың ішінде өрт сөндірілді. Жарақат алып, жапа шеккен адамдар болған жоқ».
Ғимараттың шатыры 800 шаршы метрді құ­райды екен. Шыққан өрт 220 шаршы метрді шарпып­ өткен. Осы оқиғаға куә болған кейбі­реулер өрттің өршуіне сол жердегі құрылыс­шылардың өздері кінәлі дегенді айтуда. Яғни құрылыс­шылар өртті біраз уақытқа дейін өз күштерімен сөндірмекші болған. Мамандар өрттен келген шығын мен оның нақты себебі арнайы құрылатын комиссияның тексеруінен кейін белгілі болатынын айтуда.