Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Өнерпаздар "Бекзат биді" дәріптеді

Өнерпаздар "Бекзат биді" дәріптеді Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 29 сәуір - Халықаралық би күніне арналған "Бекзат би" атты мерекелік концерт болып өтті, деп хабарлайды облыстық филармонияның баспасөз қызметі.
Бағдарламада Қызылорда облыстық филармониясының «Томирис» би ансамблі, Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дидар» халықтық би ансамблі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Сыр сұлуы» би ансамблі, Қызылорда «Өнер» мектебінің «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблі, Облыстық филармонияның жеке бишісі Гафур Абитов өнер көрсетті.
Сондай-ақ концертте Сыр елі би өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Қызылорда облыстық филармониясының «Томирис» би ансамблі, Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дидар» халықтық би ансамблі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Сыр сұлуы» би ансамблі, «Өнер» мектебінің «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблі, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің «Нұргүл» халықтық ән-би ансамблі Қызылорда облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Абдрахманов Ержан Алғыс хатымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: