Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Көмекбай Қаракөзовке арналған танымдық конференция өтті

Көмекбай Қаракөзовке арналған танымдық конференция өттіҚызылордада облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Көмекбай Қаракөзовтің 100 жылдығына арналған танымдық конференция өтті.
Іс-шара К.Қаракөзөвтің өмірі мен қызметі жайында дайындалған арнайы деректі фильмнің көрсетілімінен басталды.
Конференцияға облыс әкімі Қ.Көшербаев және бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыс активі, Сыр елінің ардагерлері және К.Қаракөзовтің туған-туыстары қатысты. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, Қазалы ауданы мәслихатының депутаты Бейбіт Дәулетияров, Қармақшы ауданының өсіп, өркен жаюына өзіндік үлестерін қосқан азаматтар жайлы сыр шертетін екі томдық «Ғибратты ғұмыр» атты жинақтың, «Қазыналы жердің қаһармандары», «Халықтың Қаратайы» атты кітаптарының авторы Нұртілеу Салықов және Көмекбай Қаракөзовтің туыс інісі, қоғам қайраткері Самит Далдабаевтар облысқа еңбегі сіңген қайраткер туралы естеліктерімен бөлісті. 
Облыс әкімі өз сөзінде Көмекбай Қаракөзовтің қай қызметте болсын өзіне де өзгеге де орынды талап қоя білген үлкен қайраткер, өңіріміздің өркендеп, дамуына өзіндік қайталанбас қолтаңбасын қалдырған нар тұлға өмір жолы жас ұрпаққа үлкен өнеге екенін айтып, Көмекеңнің елге еткен ерен еңбегі мен жасаған жақсылықтары өңір тарихының беттерінде алтын әріптермен жазылып, келешек ұрпаққа мұра ретінде сақталмақ деп қорытындылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: