Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жаңақорған мұражайына құнды жәдігерлер табыс етілді

Жаңақорған мұражайына құнды жәдігерлер табыс етілді18 мамыр - халықаралық мүзей күніне орай Жаңақорған ауданында «Музейге сый тарт» акциясы өтті.  Ұйымдастырушы Жаңақорған аудандық тарихи өлкетану мұражайының ұжымы. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, айтулы шараға мәдени сала қызметкерлері, тарихшылар және ел ағалары қатысып, мұражай қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, бірнеше құнды жәдігерлер мұражайға табыс етілді. Өз кезегінде Жаңақорған аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры Набихан Шалапов мұражайға тарихи жәдігерлер сыйлаймын деген кез-келген азаматтарға аудандық өлкетану мұражайының есігі қашанда ашық екенін атап өтті. Шара барысында аудандық мұражайға ерекше үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар алғыс хатпен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: