Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалыда қобызшылар байқауы өтуде

Қазалыда қобызшылар байқауы өтудеОблыстық байқауға қала, аудандардан (Шиелі, Қармақшы) келген үміткерлер қыл қобыз және прима қобыз номинациялары бойынша бақ сынасуда. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Байқау шарты бойынша қатысушылар өз қалауымен бір шығарма, Қорқыт шығармасы және шетел композиторларының шығармасын орындауы қажет.
Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрініспен басталды. Байқаудың мақсаты –Қорқыт шығармаларын насихаттау, сол арқылы бүгінгі ұрпаққа қобыз өнерін таныту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай сайыстар таланттарды шабыттандырып, шеберліктерін ұштай түседі. Байқауға қобызшылар А.Әуез, Б.Кәрібаева, Е.Жүсіпов қазылық жасауда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: