Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылордада жастар балы өткізіледі

Қызылордада жастар балы өткізіледіОблыс орталығындағы «Орда» мейрамханасында  2015 жылдың 27 қазан  күні сағат 18:00-де «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XI маусымының жабылуы салтанаты және жастар балы өткізіледі.
Оны Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ұйымдастырып отыр.  
Маусымда жұмыс жасаған «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының  сарбаздары мен командирлеріне бағалы сыйлықтар тапсырылып алғыс білдіреді. Сонымен қатар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен әріптестік байланыс жасаған әр түрлі меншікті мекемелер мен кәсіпорындарды да марапаттау рәсімі өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: