Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АССАМБЛЕЯНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТАҚЫРЫПТЫҚ КЕШ ӨТТІ

АССАМБЛЕЯНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТАҚЫРЫПТЫҚ КЕШ ӨТТІҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылдық кітапханасында «Бірлік пен татулық-қасиетті ұранымыз» атты тақырыптық кеш болып өтті. 
Тарихты дәріптеу мен түрлі ұлт өкілдерінің патриоттық сезімдерін ояту мақсатындағы мәдени шараға ауылдық қоғамдық келісім кеңесі, мектеп мұғалімдері, кітапхана оқырмандары және мектеп оқушылары қатысты. 
Атаулы мерекеге арналған мәдени шарада оқушылар қонақтарға түрлі ұлт өкілдерінің тарихымен таныстырып, өлеңдерін жатқа оқыды.
Кеш барысында сөз алған ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Сұлтанов қатысушыларға биылғы жылдың маңызын айтып, еліміздегі татулық пен бейбітшілікті нығайтуды дәріптеді.
Шара соңында қонақтарға «Ассамблея жолы – ақиқат жолы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: