Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Петропавлда «Гауһартас» фестивалі басталды

Петропавлда «Гауһартас» фестивалі басталдыПетропавлда Сегіз Сері атындағы «Гауһартас» бірінші республикалық фестивалі басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ұлттық аспаптар ансамблі мен оркестрі бар, ұзын-саны 400-дей өнерпаз қатысып жатыр. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің шымылдығын кеше Ақмола, Қызылорда, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының өнерпаздары ашса, бүгін сахна төріне Ақтөбе, Атырау, Қостанай өңірлері мен ел ордасы Астана қаласының өнер ұжымдары шықты. Мәдени шара барысында халық әндері, классикалық музыка, жалпы алғанда 100-ге тарта туынды орындалады. Ал әр ұжымға қойылған басты талап - Сегіз Серінің бір өлеңін шырқау. Ұлттық өнерді ұлықтайтын байқаудың басты мақсаты да осы. Ол қазақтың маңдайына біткен Сегіз Серінің өнерін дәріптеу, өрісін кеңейте түспек. Жоламан Тұрсынбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор: - Бұл күндері Сегіз Сері атындағы «Гауһартас» 1-ші республикалық фестивалі өтуде. Сегіз Сері – атақты Біржан салдың, Ақан Серінің, Үкілі Ыбырайдың, Жаяу Мұсаның ұстазы. Ол қазіргі қазақ әндерінің классикалық үлгісі болған. Соның ішінде «Гауһартас», «Назқоңыр», «Қарғам-ау», «Қарғаш» т.б. әндер. Фестивальдің мақсаты – Сегіз Сері шығармашылығын дәріптеу, оны халыққа кеңінен тарату. Айта кетейік, фестиваль шымылдығы бүгін кешкі 7-де жергілікті сазгер Дәстен Баймұқановтың «Қазағым» әнімен жабылмақ. Оны бір мезетте 100 өнерпаз орындайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: