Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЛАҒАШТА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАЛАҒАШТА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІЖалағаш кентіндегі №246 орта мектеп базасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай әскери борышын өтеген жауынгер азаматтардың құрметіне арналған кездесу кеші ұйымдастырылды. 
Танымдық кездесуге аудандағы ауған соғысының ардагерлері мен орта мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды. Тәрбиелік мәні зор шараға облыстық ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин қатысып, орта мектептердегі алғашқы әскери пәнін жүргізетін бірқатар ұстаздарға арнайы медалдар табыс етті. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: