Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ ЖӘНЕ АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ ЖӘНЕ АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫҚармақшы Аудандық мәдениет үйінде 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. 
Салтанатты жиында аудан әкiмi С.Мақашев ақ жаулықты аналар мен еңбек ардагерлерiн, кәсiпкерлердi, бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау саласында, мемлекеттiк мекемелерде қызмет жасайтын әйелдер мен қыз-келiншектердi көктемнiң алғашқы мерекесi 8 наурыз халықаралық әйелдер күнiмен құттықтады. 
Бұдан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар әйелдер қауымына облыс әкімінің және аудан әкімінің Құрмет, Алғыс хаттары табыс етілді. Салтанатты жиын мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: