» » ҚОЛӨНЕРШІЛЕР МЕН СУРЕТШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

ҚОЛӨНЕРШІЛЕР МЕН СУРЕТШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар
ҚОЛӨНЕРШІЛЕР МЕН СУРЕТШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІҚызылордадағы көркемсурет галереясында «Ана – өмірдің гүлі» атты жас суретшілер көрмесі өтті. 
Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде аймақтың белгілі суретшілері мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұру жас, талантты қылқалам шеберлерін елге танытуға мүмкіндік беретінін жеткізді. 
Одан соң келушілер назарына жас талант иелері – Рүстем Әлжанов, Жарқын Қосбаев, Абылайхан Сәмен, Әлия Кененбаева, Гүлнар Рамазанова, Денис Рыбальченко және тағы басқалардың туындылары ұсынылды. 
Сондай-ақ ұлттық қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің оқытушысы Айдана Әлайдарова киізден жасалған киім, сөмке, шәлі, моншақ, кәдісыйларды көрермен назарына ұсынды. №261 орта мектеп оқушысы Жазира Әуезова моншақ пен бисерден естелік дүниелер жасайды. Мұндай әдемі бұйымдарды көрмеден сатып алуға болады. 
Халықтық қолданбалы қолөнер шебері Болат Махамбетов Сырдария ауданынан келген. Ол ақ талдан әртүрлі кәдесыйлар дайындайды. Өз жұмысын Жандос Сансызбаев та таныстырды. Оның қолынан шыққан ұлттық үлгідегі ыдыс-аяқ, саз аспаптары таңдай қақтырады. Айта кетейік, көрме осы айдың соңына дейін жалғасады.