Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРДІҢ ТУҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРДІҢ ТУҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІНағыз батыр, нар тұлғалы, көркем мінезді, қазақ ұлтының перзенті Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 27 шілдеде 70 жасқа толды.
Осыған орай  Арал ауданындағы А.Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасында Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығы аясында «Ғарышкер ұшты ғарышқа» атты тақырыпта қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің 70 жылдық мерейтойына орайы арнайы шара өткізілді. 
Оқушылар қатысқан дауыстап оқу барысында кітапханашы Қ.Шалбаева қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымының докторы, профессор Т.Әубәкіровтің өмір жолы, қызметі туралы айтып, ғарышқа алғаш ұшқан кездердегі қызықты, танымды бейнематериалдарды таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстан өз Тәуелсіздігін алғаннан соң, Тоқтар Әубәкіровке «Халық қаһарманы» атағы берілгендігі жөнінде ақпарат берді. 
Сондай-ақ, шарада отандық ғарыштың дамуы, Байқоныр космодормы, Қазақстан ғарышкерлері туралы слайд көрсетілімі назарға ұсынылып, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне жасалған библиографиялық шолумен қорытындыланды. 
Мұндағы басты мақсат – балаларға қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер туралы, отандық ғарыш саласының өткені мен болашағы жайлы ақпарат бере отырып, оларды отансүйгіштікке баулып, патриоттық рухын көтеру болатын. Расында, өз ісімен, бар болмыс-бітімімен баршаға үлгі бола білген ғарышкер, аңыз адам туралы шараның маңыздылығы зор.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: