Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МӘДЕНИЕТ – АДАМЗАТ ӘЛЕМІНІҢ АЙНАСЫ

МӘДЕНИЕТ – АДАМЗАТ ӘЛЕМІНІҢ АЙНАСЫ

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында  Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Мәдениет- адамзат әлемінің айнасы» атты семинар тренингі өтті.
Жалпы мәдениет – адамзат әлемінің айнасы әрі тұтастай ұлттық құндылығы. Осы құндылығымызды дәріптеуді мақсат еткен семинар мәдениеттің ақпарат жүйесімен дамуын, бүгінгі таңдағы жетістігін ортаға салып, пікір алмасуды көздеп отыр.
Аталмыш семинарға Халықаралық Қазақ тілі қоғамының төрағасы Ж.Жақып, «Құрылтай» газетінің редакторы Е.Абдулла және де аудандық кітапхана, қалалық мәдениет үйі, аудандық архив мекемесі, сонымен қатар қалалық балалар кітапханасы , Мәдениет орталығы сынды мәдениет саласының тармақтарынан тараған мекеме меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты. Семинар барысында мәдениет саласының майталмандары жайлы толғаныстар, ұлттық мәдениетіміздің жетістіктері мен алдағы жоспарлары турасында кеңінен ашық пікірлер ортаға салынды. 
Сондай-ақ, мәдениет орталығының қол жеткізген жетістіктері мен белді белестері талқыланып, арнайы семинар орталық шәкірттерінің арнайы дайындаған жыр, термелеріне ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: