Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Кеңес Дүйсекеевтің «Туған жері» таланттар іздейді

Кеңес Дүйсекеевтің «Туған жері» таланттар іздейдіҚызылордадағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты ІV республикалық конкурсы түндігін түрді. 
Бұл өнер жарысы 2006 жылы композитордың 60 жылдық мерейтойы тұсында бастау алған. Араға 2 жыл салып республикалық мәртебеге ие болды. Төртінші мәрте өткізіліп отырған биылғы ән сайысына республиканың әр аймағынан жас өнерпаздар қатысуда. Екі күнге созылатын байқаудың алғашқы өнерпаздар белгіленген тәртіп бойынша сазгердің шығармаларын орындады. Ал екінші күні жас вокалистер өз таңдаулары бойынша ән шырқайды. 
Әнші Жеңіс Ысқақова болса, байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, әндерді жүрекпен, сенімділікпен орындауға кеңес берді. «Бұл байқау, біріншіден, жас өнерпаздардың өздерінің шама-шарқын білуге мүмкіндік жасайды. Екіншіден, кәсіби тұрғыда шыңдай түсері анық. Осындай шараға демеу болып, ұйымдастырған Кеңес ағамызға, Қызылорда облысының мәдениет басқармасына, халық шығармашылығын дамыту орталығына алғысымызды білдіреміз» дейді Жеңіс Ысқақова.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: