Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА СУРЕТШІ БЕРІК БӨКЕШОВТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА СУРЕТШІ БЕРІК БӨКЕШОВТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ ӨТТІ

 

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтың қатысуымен ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Берік Бөкешовтың «Аралдың асау толқыны» атты жеке сурет көрмесі өтті. Шара ел Тәуелсізідігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеге суретшінің түрлі тақырыптағы 60-тан астам туындысы ұсынылды. 
- Уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын шынайы құндылықтардың бірі – бейнелеу өнері десек, сол әлемнен ойып тұрып орын алып, сырын сурет әлеміне сыйғызып, сезімін сол сурет арқылы адамзат жүрегіне жеткізіп жүрген, қазақ сурет өнерінде өзіндік орны бар, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Берік Қосайұлы Бөкешовтің таланты мен таным дүниесін тамашалау мақсатында осы көрме Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отыр. Берік Бөкешов – 300-ден астам суреттің авторы. Оның туындылары Дания, Германия, Израиль, Жапония, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттеріндегі жеке коллекционерлер қорында сақтаулы. Бүгінгі көрмеде ұсынылып отырған қайталанбас жұмыстары уақыт көшінен қалмай, мәңгі өшпес құндылықтар ретінде сақтала отырып, эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлайтындығы сөзсіз. деп облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов талант иесіне шығармашылық табыс тіледі.
Содан соң Берік Бөкешовтың шығармашылық жолдағы ұстазы, белгілі суретші Шәкірбек Сәменов сөз сөйлеп, шәкіртінің туындыларында өзгеше сарын, дара жолы бар екендігін тілге тиек етті. Шара соңында көпшілік қылқалам иесінің жеке сурет көрмесін тамашалады. 
Анықтама үшін: 1965 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келген. 1985 жылы әскери борышын өтеп келген соң Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы бітіріп шықты. 1990-2013 жылдар аралығында Арал қаласындағы мектептерде сурет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда «Балалар өнер мектебі» бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: