Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ЖАҢАҚОРҒАН ӘУЕНДЕРІ» ЖҮЛДЕГЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАРАТТЫ

«ЖАҢАҚОРҒАН ӘУЕНДЕРІ» ЖҮЛДЕГЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАРАТТЫ

 

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Жаңақорған ауданы әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңақорған әуендері» атты республикалық композиторлар сайысы өтті.
Байқаудың мақсаты қарт Қаратау мен сұлу Сыр бойындағы әсемдігімен, сазды ән-жырымен ерекшеленетін Жаңақорған жерін ән құдіреті арқылы ұлықтау, келер ұрпақтың жадына лайықты ән-мұра қалдыру болатын.
Конкурс жабық түрде өтті. Талапкерлер ереже бойынша (лақап аттарымен), Жаңақорған туралы жаңа туынды жолдады. 17-қыркүйекте ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті композитор Кеңес Дүйсекеев төрелік еткен қазылар алқасы 40-қа жуық шығармаларды тыңдап, нәтижесінде ақын А.Сопыбековтың сөзіне жазылған «Жаңақорған» әнімен 1-орын (500 000 теңге) Уәли Ибрагимовке тапсырылды. 2-орынды Алматы қаласында шығармашылықпен айналысып жүрген тағы бір жерлесіміз Дүйсенхан Сыздықов жеңіп алса (300 000 теңге), 3-орынды (200 000 тенгеден) қызылордалық Сәбит Ұлықпанұлы мен алматылық Марат Жанғазиев жеңіп алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: