Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

СЫРДАРИЯДА КІЛЕМ ТОҚУ ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

 

Сырдария ауданы Айдарлы ауылының тұрғыны Роза Алибатырова мемлекеттің қолдауымен алғаш кілем тоқу шеберханасын ашты.
Роза Алибатырова тігін тігу, тоқыма тоқу, қол өнер бұйымдарын жасауды анасынан үйренген, анасы әжесінен үйреніпті.  «Мен өзіме ешқандай жақындығы болмаса да білгенімді жас шеберлерге үйретуге тырысамын. Оларға жиі семинар сабақтарын ұйымдастырып тұрамын», - дейді Алибатырова. 
Жергілікті ауылдағы №139 мектептің технология пәнінің мұғалімі Палкүміс Бахадүрованың айтуынша, мектептегі еңбек сабағына келіп оқушыларға білгенін үйретуден еш жалыққан емес, сондай-ақ ол оқушы қыздарға арнап шеберханасының жанынан қолөнер клубын да ашыпты. 
Роза апай кілем тоқу цехын ашып, оны табыс көзіне айналдырып қана қоймай, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді кейінгі ұрпаққа үйретуді де алдына мақсат қылып қойды. «Кілем тоқу бұл үлкен ықтиярлықты қажет ететін жұмыс. Бір кілем тоқу үшін бірнеше адам тер төгеді», - дейді Алибатырова. Шеберлердің айтуынша цехта жайнамаз, ұлттық киіз үйлердің төбесін жабуға арналған түндіктер, сондай-ақ төсек жабдықтары да тігіледі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: