Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БІР-БІРІНЕ ҮЗДІГЕ ҚАРАП ТҰРҒАН БОЛМАНОВ ПЕН АСАРДЫҢ СУРЕТІ ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

БІР-БІРІНЕ ҮЗДІГЕ ҚАРАП ТҰРҒАН БОЛМАНОВ ПЕН АСАРДЫҢ СУРЕТІ ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

 

Бір-біріне үздіге қарап тұрған Болманов пен Асардың суреті қызу талқыға түсті
Тамара Асардың жаңа бейнебаянының тұсаукесеріне әншінің өнердегі әріптестері, достары түгел жиналды. Олардың арасында Тамараның көршілері Қыдырәлі мен Қарақат та бар, деп хабарлайды Stan.kz.
Тамараны қуанышымен құттықтаған танымал продюсер сахналас-әріптесіне гүл шоқтарын ұсынып, шын пейілімен құттықтады. Оның көңілінің шынайылығы желіде талқыға түскен мына суреттен аңғарылып тұрғандай. Аталмыш суретті жұрттың талқыға салатынын алдын-ала болжаған Болманов оған өзіндік хикая да құрастырды.
«Құдай қосқан көршімді жаңа әдемі бейнебаянының тұсаукесеріне құттықтай гүлімді құшақтап барған суретке қарап отырсам, суреттегi екi кiсi бiр-бiрiне ғашык болып, бiрақ тағдырдың тәлкегiмен бiреуi Америкаға кетiп, екiншiсi пәленбай жыл Үндістанда күтiп, ендi ғана Қазақстанда жеке кездескен ғашықтардай "Үзіліп қалған сияқты”. "Екеуi жай ғана көршi емес екен” деп сыбыс таратқанға өте бiр ыңғайлы фото екен…» – деп жазды Болманов.
Желі қолданушылары продюсердің суретіне де, оған сәйкестендіріп ойлап табылған хикаяға да әжуамен қарап, күлкіге қарық болды.
«Əзілің жарасса» деген бар емес пе? Жарасып тұр əзілдері. Әдемі, Тамара да, Қарақат та əзіл түсінетін, сөз қадірін білетін ақылды қыздар ғой», «Ақылды адамның әзілі де әдемі», «Қалжыңдап тұрып тиістіріп айттыңыз», «Біреудің әйелін сүюге болмайтынын білесіз, осы жерден қайтыңыз», «Қалжыңның майын ағызасыз ғой», «Тамара Асар кезінде АБК дүркіреп тұрған кезде арттарыңыздан жүгірген қыздардың бірі ғой», – деп пікір білдірді олар.
Естеріңізге сала кетейік, Тамара Асар "Аққу арман” бейнебаянының тұсауын кесті. Өз сөзінде әнші 20 жылдан бері ойында жүрген арманына қол жеткізгенін айтты. Кезінде жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған әнші Маңғыстаудағы Бозжира шыңына шығып, ән айтуды армандағанын тілге тиек етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: