Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАРМАҚШЫДА ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ АНЫҚТАЛДЫ

 

Ақтөбе ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-прдюссерлік орталығы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Үздік үйірме жетекшісі-2016» облыстық байқауы болып өтті. 
Есімі елімізге танымал мәдениет саласының майталмандары, күйші Тұрмағамбет атындағы халық ұлт-аспаптар оркестірінің әртісі Болат Күзенбаев, әнші, бірнеше халықаралық ән байқауларының лауреаты Нұрболат Сейтмұратов пен облыстық мәдениет, архифтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қарлығаш Жүсіповалар қазылық еткен аталмыш байқауда айдынды Арал мен қарт Қаратау арасынан өз бақтарын сынауға келген талапкерлер ән, би және ұлттық аспаптар жанрлары бойынша бақ сынасты. Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен «Ән» жанры бойынша жаңақорғандық Құралай Әлиева, «Би» жанры бойынша қазалылық Индира Рсалиева және «Ұлттық аспаптар» жанры бойынша сырдариялық Ерболат Айдарбекұлы жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлердің барлығы да «Ақтөбе и К» ЖШС-нің демеушілігімен ұйымдастырылған сый-сияпатқа ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: