Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

 

Қазалы ауданында Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев атындағы облыстық жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті. 
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 70 үміткер қатысып, солардың ішінде 21 жүйрік лайықты деп танылды. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында облыс әкімінің сол кездердегі комсомол комитеттерінің хатшылары байқау жеңімпаздарына омырауға тағатын белгi, ақшалай және естелік сыйлықтар табыстады. 
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын тілге тиек етіп, сол кездердегі комсомол комитеттерінің хатшыларын Ғани Мұратбаевтың 114 жылдығына арналған мерекелік төсбелгімен марапаттады. 
Шара соңында эстрада жұлдыздары Г.Оразымбетова, Мұқасан, «Азия» тобы ән-жырдан шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Ғани Мұратбаев» атындағы облыстық жастар сыйлығының жеңімпаздары 
Қызылорда қаласы бойынша: 
1. Жауынтаев Бауыржан Сабыржанұлы (спорт)
2. Алдабергенов Жасұлан Нұрланбекұлы (қоғамдық-саяси белсенділік)
3. Саниязова Назерке Қазыбайқызы (әдебиет және журналистика)
4. Базартай Жандос Нұртайұлы (қоғамдық - саяси белсенділік) бойынша
5. Сүгірбай Марат Бердібайұлы (мәдениет және өнер)
Қазалы ауданы бойынша:
6. Ахметов Олжас Кенжебайұлы (қоғамдық-саяси белсенділік)
7. Қалиев Ұлан Кеңшілікұлы (білім және ғылым)
8. Иманалиева Гүлдәрі Тасболатқызы (қоғамдық қызметтегі жетістік)
9. Табынбаев Есет Жұмабекұлы (әдебиет және журналистика)
10. Бақытбергенов Дәулет Бақытбергенұлы (білім және ғылым)
11. Қуаныш Әлібек Нұрланұлы (қоғамдық - саяси белсенділік)
12. Қосуақов Ақылбек Әбілтайұлы (мәдениет және өнер)
13. Ізмағанбет Бауыржан (мәдениет және өнер)
Арал ауданы бойынша:
14. Құныжанова Ақмарал Советқызы (қоғамдық қызметтегі жетістік)
15. Үргенішбаева Айнұр Бақытжанқызы (білім және ғылым)
Қармақшы ауданы бойынша:
16. Бекмырзаев Тұрар Шайділдаұлы (әдебиет және журналистика)
17. Ибраев Мұхтар Айшықұлы (қоғамдық-саяси белсенділік)
Жалағаш ауданы бойынша:
18. Ерхан Бақбергенұлы (қоғамдық-саяси белсенділік)
Жаңақорған ауданы бойынша:
19. Айдаров Нұрхан Дүйсенханұлы (қоғамдық - саяси белсенділік)
Шиелі ауданы бойынша:
20. Ерназаров Дастан Сейілханұлы (қоғамдық-саяси белсенділік) 
Сырдария ауданы бойынша:
21. Ибрагимұлы Ақтөре (әдебиет және журналистика)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: