Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЙЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

 ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЙЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІБүгін, 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты Тәуелсіздік залына саяхат ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Шараға С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері қатысып, оларға Тәуелсіз Қазақстан өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел екендігін, осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылғанын, жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілгені, мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келгендігін туралы лекция оқылды және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен, Қазақстан Республикасының Рәміздерімен таныстырылды.
Шара барысында қатысушыларға Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында болған тарихи оқиғалардан викториналық сұрақтар қойылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: