Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫБүгін, 26 қараша күні Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы басталды. 

Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Монғолиядан келген ақындар екі күн бойы суырып салма шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасатын болады. 
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысушыларды және жиналған жұртшылықты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, ақындарға табыс тіледі. 
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі кезімде Мәскеуде 12 арқалы ақынның қатысуымен айтыс өткіздік. Сонда ресейлік әдебиеттанушы-ғалымның бірі маған: «Тәуелсіздік – сіздерге берілген бақ. Өткен дәуірде Ресейде крепостниктік құқық орнап, құлдық сана қалыптасты. Қазақ даласында ондай жағдай болған емес. Өлім жазасына кесілген кісінің өзіне «Дат, тақсыр!» деп, соңғы сөзін айтуына мүмкіндік берілді. Кедей байға, қара төреге көкіректегі ойын жеткізе білді. Сол себепті де айтыс сынды сөз сайысының, сөз барымтасының Сіздерде ғана болуы заңды»,- деген болатын. Қызылордада айтыс алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ, бірақ халықаралық айтыс бұрын-соңды өткізілген емес. Ақындарға шалқар шабыт тілеймін. Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырлы болсын,- деді облыс әкімі.
Айтыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарын ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет төрағалық ететін беделді әділқазылар алқасы анықтайды. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Алмас Алматов, Елена Әбдіхалықова және Аманжол Әлтаев бар. Айтысты жүргізуші – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: